Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең лас қалалары белгілі болды

Опубликовано:

Елімізде ауасы ластанған қалалардың алғашқы төрттігіне Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалалары орналасты деп хабарлайды "31 арна".

Қазақстанның ең лас аймақтары белгілі болды
Көрнекі фото:sobaka.ru: Facebook

Бұл рейтингке барлық облыс орталықтары, Алматы, Астана қалалары және Маңғыстау облысындағы Бейнеу елдімекені кірген.

Меторологтар бұл аймақтардағы ауа құрамынан формальдегид, күкіртті сутек және басқа да қатерлі қоспалардың қауіпті мөлшерін анықтаған.

Теміртау қаласында да жағдай қиын. Ол жақта қара қардың жауып жүргеніне бірнеше жыл болған.

Қалаға келген танымал ресейлік блогер Илья Варламов металлургиялық комбинат қаланы жандандырушы мекеме бола тұра, оны өлтіріп жатқанын мәлімдеген.

"АрселорМиттал Теміртау" бас директоры аймақ басшысына экология мәселесін шешуге тырысып жатқанын жеткізді.

"Қаланы жандандырып тұрған өнеркәсіптің негізі өткен ғасырдың 40-шы жылдары қаланған. Модернизация процесі оңай емес. Оның үстіне өндірісті жалғастырып жатырмыз.
Сіздерден қолдау мен түсіністік танытуды сұраймыз. Жобаларымызды іске асыру үшін көптеген сараптама мен мақұлдаулар алу керек. Ал бұған уақыт қажет", - деді компания басшысы Парамжит Калон.

Дереккөз: 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779821-kazakstanny-e-las-kalalary-belgili-boldy/

pixel