RU
"Киімін шешіп тастаған": Алматыда екі жігіт 35 жастағы келіншекті тонап кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Киімін шешіп тастаған": Алматыда екі жігіт 35 жастағы келіншекті тонап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде екі азаматтың 35 жастағы келіншекті тонап кеткен видеосы тарады. Бейнежазбада қылмыскерлердің әйелді артынан аңдығаны көрінеді. Бір мезетте олардың бірі келіншекке жақындап келіп, тұншықтырса, екіншісі сөмкесін ақтара бастаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Facebook әлеуметтік желісінде оқиғаның "Жетісу-4" ықшамауданындағы банк алдында болғаны айтылған.

Бейнежазбада қылмыскерлердің бірі әйелдің артынан жүгіріп кеткенін аңғаруға болады. Ал оның келіншекке не істегені бейнебақылау камерасына түспеген.

Бірнеше секундтан соң қаскүнемнің әйелдің мойнынан ұстап, сүйреп келе жатқаны байқалады.

Осы уақытта жәбірленушінің қолынан түсіп қалған сөмкесіне жүгіріп бара жатқан екінші жігіт пайда болған.

Артынша бірінші жігіт келіншекті тұншықтырып, жерге құлатады. Осылайша, ол құрбанын тінти бастайды.

Видео соңында тонаушылар жасырынып қалған. Олар әйелдің пальтосын да шешіп алып, оны сырт киімсіз қардың үстінде қалдырып кеткен.

Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жәбірленушінің жасы 35-те. Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойыншы тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оған қоса, қылмысты ашу ісі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Полиция кінәлілердің жазаланатынына уәде берді.

Анықталғандай, жәбірленуші медициналық көмекке жүгінбеген, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
1
9
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel