RU
22 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

22 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін энергетика жағынан орташа күн. Күшіңізді жинақтап, біраз тынығыңыз. Ең бастысы әр сөзіңізді байқап сөйлеңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 22-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

22 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: obozrevatel.com

1. Тоқты

Бүгін жеке басыңызға қатысты мәселелерде зор жетістіктерге жетесіз. Жалғыздықтан арылғыңыз келсе, қазір тамаша уақыт. Сүйіктіңіз болса, араңыздағы ынтық сезімді жандандырудың мүмкіндігі пайда болады.

2. Торпақ

Сіз үшін бұл күн қуанышты және шаттыққа толы болмақ. Көптен бері сөйлеспеген адам сізге хат жазуы мүмкін. Ескі махаббат хикаясын қайта бастаудың мүмкіндігі туады. Кешке таман үйде мәселелер туындауы ықтимал.

3. Егіздер

Бүгін сіз үшін қолайлы күн. Қаржы мәселелері мен кәсіби қиындықтардан құтыласыз. Романтикалық кездесуге баруыңыз мүмкін. Сүйіктіңізді әлі таппаған болсаңыз, көпшілік ортасына жиі шығыңыз.

4. Шаян

Бүгін түбегейлі өзгерістер жасамаңыз. Әрекет етпес бұрын алдымен салдары жайлы ойланыңыз. Отбасылық жанжал өршуі мүмкін. Қаржыңызды үнемдеп, қажет емес нәрсені сатып алмаңыз. Ауа райына сай киініңіз.

5. Арыстан

Бүгін ұсақ-түйек мәселелерді шешу керек. Қандай да бір жайт жұмысты орындауыңызды немесе табыс табуды қиындатуы мүмкін. Күн романтикаға толы болмақ. Отбасын құрмаған болсаңыз, сауықкештер мен достық кездесулерден бас тартаңыз. Ал отбасыңыз болса, сүйіктіңіз бүгін сізге ерекше ықыласын білдіреді.

6. Бикеш

Бүгін ашуланшақтыққа салынасыз. Маңызды кездесу немесе келіссөз жоспарлаған болсаңыз, бұл қауіпті болуы мүмкін. Алдымен сабаңызға түсіңіз, содан кейін барып жоспарыңызды жүзеге асырыңыз. Кешкісін қажетсіз затты тиімді бағаға сату мүмкіндігі пайда болады.

7. Таразы

Көптеп түскен ақпараттан басыңыз ауыра бастайды. Жаңалықтар мансабыңызға, отбасылық өміріңізге немесе туыстарыңызға қатысты болуы мүмкін. Құр сөзге сенбеңіз, міндетті түрде дәлел талап етіңіз.

8. Сарышаян

Бүгін айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізбейсіз. Көңіл-күйіңіз де жабыраңқы болады. Әріптестеріңізге, туыстарыңыз бен достарыңызға бекер тиіспеңіз. Олардың пікіріне құрметпен қарауды үйреніңіз.

9. Мерген

Бүгінгі күннің оқиғаларына көңіліз толады. Айтарлықтай өзгерістер болмайды, сондықтан күн қалыпты өтеді. Жеке кеңістігіңізді ұйымдастыруға арналған шаралар өткізіңіз. Қажетсіз заттардан құтылудан қорықпаңыз.

10. Тауешкі

Бүгін қиялдауға болады. Бірақ армандарыңызға шынайы өмірді ұмыттыруына жол бермеңіз. Бұл күн отбасылық жанжалдарды шешуге, болашаққа жоспар құруға қолайлы.

11. Суқұйғыш

Ықылас танытуда қиындықтар туындайды. Достарыңыз, әріптестеріңіз және туыстарыңыз сізді қолдамайды. Өз бетіңізбен жұмыс істеп көріңіз. Шығармашылықпен айналысқан жөн.

12. Балықтар

Сүйіктіңіздің мінез-құлқы сізге оғаш көрінуі мүмкін. Бір жақты шешім қабылдамаңыз. Жұмысыңыз немесе кәсібіңіз жеке қарым-қатынасыңызға кері әсер ететін сияқты. Сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel