RU
Шымкентте танысын бауыздап, көміп тастамақ болған азамат жаға ұстатты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте танысын бауыздап, көміп тастамақ болған азамат жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

15 ақпан күні Шымкент қаласы Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғыны 102 нөміріне хабарласып, көрші үйдегі азамат бауыздалған мәйітті көмейін деп жатқанын хабарлаған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: newstracker.ru

Көрнекі фото: newstracker.ru

Жедел іздестіру тобы айтылған мекенжайға шұғыл жетіп, 1975 жылы туған Н. есімді азаматты құрықтады.

Белгілі болғандай, күдіктінің үйіне қонаққа келген марқұм мен үй иесінің арасында туындаған ұрыс-керістің соңы төбелеске ұласқан.

Күдікті пышақпен жәбірленушінің мойнын жарақаттап, ол есінен танып қалған соң бауыздап жіберген екен.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

"Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 99 -бабы, 1-бөлімі, "қасақана кісі өлтіру" бойынша айып тағылған"-деп хабарлады судья Сержан Айнабеков.
Сіздің реакцияңыз
0
1
8
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel