RU
БҚО-да мектеп түлегін зорлықпен өлтірген жігіт ақталмайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да мектеп түлегін зорлықпен өлтірген жігіт ақталмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Оралда төрт бап бойынша сотталған Асқат Темірбаевқа қатысты алқабилер шығарған үкімді апелляциялық сот жоққа шығарды деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

БҚО-да мектеп түлегін зорлықпен өлтірген жігіт ақталмайтын болды

Фото: mgorod.kz

20 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық кодекстің төрт бабы "Кісі өлтіру", "Зорлау", "Кәмелетке толмаған адамға жасалған зорлық әрекет", "Ұрлық" бойынша сотталған Асқат Темірбаевтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

"Іс материалдарын қараған апелляциялық сот арнайы ауданаралық соттың 2019 жылдың 11 қаңтарындағы ақтау үкімінің күшін жойды", - деді БҚО сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, үкімнің жоққа шығарылуына алқабилер алқасы мүшелерінің кейбіреулері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жасырғаны себеп болған.

Еске сала кетейік, 28 шілде күні Дарьинск қаласында 17 жастағы мектеп түлегінің мәйіті табылған еді.

Ол жазда Ресейдегі жоғары оқу орнына түсіп, кетуге дайындалып жүрген. Ал полицейлер келесі күні қыздың 20 жастағы танысы Асхат Темірбаевты ұстады

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel