Выйти
RU

Айқын екі бірдей отбасын асырау үшін үйді несиеге алғанын мойындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы, бүгінде екі отбасын асырап отырған Айқын екі үйін де несиеге алғанын мойындады. Әнші бұл туралы "Ревю" бағдарламасына айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Екінші рет шаңырақ көтерген Айқын Төлепберген банктың тұрақты тұтынушыларының қатарында екен.

"Несие деген қиын нәрсе. Мысалы, мен алғашқы үйімді алғанда 20 мың доллар жетпей тұрды. Мен сол 20 мың долларды несиеге алғанмын", -дейді ол.

Әнші екінші үйін де дәл осылай несиеге үлкен пайызбен алыпты. Ал еш жерде тұрақты жұмыс істемейтін өнер жұлдызына банктің не себепті қомақты қаржы бергеніне Айқынның айтар жауабы да дайын екен.

"Менде ЖК, зейнетақы қоры бар. Әр ай сайын бухгалтерім өткізіп тұрады. Өткен жылы, мысалы, бір жылға 300 мың теңгедей салық төледім", -деп түсіндірді әнші.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айқын екі бірдей отбасын асырау үшін үйді несиеге алғанын мойындады