Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мүсіннің алдында тұрған ноутбукты ұрлап кетті

Опубликовано:

Алматының Өтеген батыр көшесіндегі ноутбук ұстаған мүсіннің жоғарғы бөлігі жоқ екенін тұрғындар 19 ақпан күні байқаған. Белгісіз біреулер мүсінді сындырып, алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда мүсіннің ноутбугын ұрлап кетті
Фото: inalmaty.kz: Facebook

Мүсін Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

Нұқсан келтірілген мүсіннің алғашқы суреті Facebook-тегі Almaty - my first love парақшасында жарияланды.

"Қандай қалада тұрып жатқанымызды еске салғым келеді. Жауап: Қазақстанның мәдени астанасында! Ноутбук ұстаған мүсіннің ноутбугын ұрлап кететін қалада. Енді ол планшет ұстаған мүсінге ұқсайды. Тек алманың затбелгісін қойсақ, бәрі тамаша болып кетеді", - деп жазылыпты суреттің сипаттамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779870-almatyda-msinni-aldynda-trgan-noutbukty-rlap-ketti/

pixel