RU
Суға толы ваннада санын жалтыратып жатқан актриса елге жақпай қалды (видео)

Суға толы ваннада санын жалтыратып жатқан актриса елге жақпай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы Жәния Джуринская өзінің Instagram парақшасына суға толы ваннада жатқан видеосын жүктеп, елдің ашуына тиді. Желі оқырмандары санын жалтыратып, төстартқышсыз болған актрисаны сөгіп тастады деп жазады NUR.KZ.

Бұл жолы Жәния Джуринская көпшіліктен тым ашық образдағы видеосы үшін оңбай сөз естіген.

Әлеуметтік желіге жүктелген видеода ару санын жалтыратып тұратын көйлекпен суға толы ваннада жатқаны көрініс тапты. Оқырмандардың болжамы бойынша, бейнежазба Жәнияның фототүсірілімі кезінде жасалса керек.

Оған қоса, видеодан танымал арудың аяғы көгеріп қалғанын аңғаруға болады. Желідегілер бұл жайтты да қызу талқылап, оның неден пайда болғаны жөнінде пікір алмасты.

"Не істерін білмей жүр, киноға түссеңші одан да" , "Бұл Кәмшаттың ваннасы ғой. Енді сенің кезегің жеткен ғой" , "Ұялмайсыз ба? Өнер адамысыңыз ғой, қанша жас жеткіншектер қарайды парақшаңызды" , "Аяғы көгеріп қалған. Неден болуы мүмкін?" деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
29
3
4
1
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel