RU
Қарағандыда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншінің жағын сындырған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншінің жағын сындырған

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда жеңіл көліктің иесі жаяу жүргіншінің жағын сындырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жанжал жаяу жүргіншінің байқаусызда көлікке тиіп кеткеннен болған.

Оқиға Шахтер даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында орын алыпты.

Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп жатқан ер азамат пен оның жанұясын басып кете жаздайды. Осы кезде ер адам бірден қолын көтеріп, оны қайта түсіргенде көлікті жанап өтеді.

Көліктен атып шыққан жүргізуші ұзап кеткен ер азаматты қуып жетіп, жағынан ұрып жіберген.

Осыдан кейін ер азаматтардың жанжалы аяқталғанымен, көлік иесінің ашуы тарамай жәбірленушінің әйеліне айқайлап, оқиға орнынан кетіп қалған.

Біршама уақыттан соң жәбірленуші жағының іскенін байқап, қалалық жақ-сүйек бет аурулары ауруханасына барыпты. Дәрігерлер жағының сынғанын айтқан.

Осыдан кейін жәбірленуші тәртіп сақшыларына жүгінген.

Полиция қызметкерлері көлік иесін тез арады құрықтапты.

Тексеру барысында көлік жүргізушісі жәбірленуші бірінші болып соққы дарытқанын айтқан. Бірақ оны дәлелдей алмапты.

Нәтижесінде, Қазыбек би аудандық соты айыпталушыны жәбірленушінің денсаулығына қасақана залал келтіргені үшін кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel