RU
Роналдудың қолынан ұстағанына мәз болған балақай желіде жұлдыз болды
Жаңалықтар Спорт

Роналдудың қолынан ұстағанына мәз болған балақай желіде жұлдыз болды

Рассказать Вконтакте

"Атлетико" мен "Ювентус" арасындағы ойын алдында қызықты оқиға орын алды. Желіде алаңға әйгілі Роналдумен шығатынын білген балақайдың қуанышын жасыра алмаған видеосы тарады. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Ойын алдында аяқдопшылар шаршы алаңға кішкентай балақайлардың қолынан ұстап шығатыны әрбір футбол жанкүйеріне мәлім. Сонымен қатар кішкентай балалар өзіне неғұрлым жұлдызды ойыншылардың түскенін арман етеді екен.

Бұл жолы видеодағы баланың жолы болғаны анық. Өзіне Криштиану Роналдудың қолынан ұстап шығу мәртебесі бұйырғанын білген бүлдіршіннің төбесі көкке жеткен.

Қуанышы қойнына сыймаған балақай атақты Криштианудың қолынан ұстап, құшақтап алған.

Аталмыш бейнежазба желіде тарап, аздаған уақытта мыңдаған қаралым жинап үлгерді. Балақайдың әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіреткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
51
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel