RU
Сүйіктісі Instagram-ның құрбанына айналған жігіт жанайқайын жеткізді

Сүйіктісі Instagram-ның құрбанына айналған жігіт жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғыны Сұлтан сүйіктісі Айдананың Instagram-ға тәуелді болып қалғанын жеткізді. Олардың кездесіп жүргеніне екі жыл болған. Алайда соңғы кездері бойжеткен жігіттен гөрі әлеуметтік желіні жақсы көретінін айтқан жігіт не істерін білмей жүр деп жазады "Сырласу" басылымы.

Сүйіктісі әлеуметтік желінің құрбанына айналған жігіт жанайқайын жеткізді

Көрнекі фото: dayevents.ru

Жігіт сүйіктісін жақсы көреді. Алайда соңғы кездері әлеуметтік желіге тәуелді болып қалған арудың қандай жар, ата-анасына қандай келін болатыны жайлы көп ойланады екен.

Өзі белді компанияда жұмыс істесе, сүйіктісі ел танитын мамандықтын иесі екен. Алайда тапқан ақшасы өзіне жетпейтін көрінеді.

"Қазір екеуіміз кездессек, өзге жұптар секілді әңгіме-дүкен құрып отыра алмаймыз. Көзі ұялы телефонның экранынан басқа нәрсені көрмейді. Ол үшін қолындағы құрылғыдан гөрі мені жоғалтқан артық. Оның жылулығын, қамқорлығын тіпті сезінбейтін болдым. Алматының кереметтей әсем жерлерін тек суретке түсу мақсатында шарлаймыз. Тамақты да Instagram-ға салу үшін тұтынатын секілді. Бар ойы – оқырмандары, лүпіл, жаңа сурет!", - деді Сұлтан.

Ару тапқан-таянғанының бәрін киім-кешекке жұмсайды екен. Ақшасы жетпесе, соңғы кездері заттарды несиеге алуды шығарыпты.

"Соңғы үлгідегі телефон, 80 мың теңге тұратын құлаққап, қымбат сөмке сатып алып, шалқып жүр. Жақында құрбысы екеуі шетелге шықпақ. Сол саяхаты үшін де несие алмақ ойы бар", - деді жігіт.

Сүйіктісінің әлеуметтік желіге мүсінін көрсетіп салған суреттері де оған ұнамайды. Алайда наразылығын білдірсе болды, екеуі сөзге келіп қалады екен.

"Мен Instagram вирус дер едім. Иммунитеті төмен адам оны бірден жұқтырып алады. Сондай адамның бірі – Айдана. Оның бұл қылықтары ауруға ұласып бара жатқанын айттым. Ол болса, менің сөзімді жоққа шығарады. Айдана үшін мен түк түсінбейтін ақымақпын, ескінің адамымын. Бұл мәселені көтерген сайын арамызда үлкен дау туады. Соңында "айырылысамыз" деуден де тайынбайды. Мен оны шын жүрегіммен сүйемін", - деп күйінді Сұлтан

Сіздің реакцияңыз
0
1
4
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel