Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды-Астана тас жолындағы жол апатынан полицей қаза тапты

Опубликовано:

Астана-Қарағанды тас жолында полиция қызметкері жол апатын жасады. Тәртіп сақшысы тізгіндеген "Mercedes" көлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, "‎Lexus" автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан, полицейдің әріптесі қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: autogrodno.by
фото: autogrodno.by: UGC

Жол апаты облыс орталығынан бес шақырым қашықтықта Қарағанды-Астана тас жолында болған.

"Mercedes" тізгініндегі 36 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетеді. Ол соқтығысқан "Lexus" көлігін де полиция қызметкерлі жүргізіп келе жатқан.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол апатына көктайғақ себепкер болған.

"Ол жолдың қарама-қарсы жағында 39 жастағы азамат тізгіндеген "Lexus" көлігімен соқтығысқан. "Mercedes" көлігінде болған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.

"Mercedes" тізгінінде болған полицей ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты, Қылмыстық кодекстің 345 бабының үшінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779919-karagandy-astana-tas-zolyndagy-zol-apatynan-policej-kaza-tapty/

pixel