Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Танымал қазақстандық журналист Зейін Әліпбек ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Зейін Әліпбек. Фото:24.kz
Зейін Әліпбек. Фото:24.kz: Instagram

Айта кетейік, Зейін Әліпбек 1995 жылы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

1992-1993 жылдары Қазақ радиосының "Шалқар" бағдарламасында тілші болды.

1997 жылы "Хабар" агенттігінде "Жаналықтар" қызметінің бас редакторы қызметін атқарды.

Сондай-ақ "Бетпе-бет" және "Yкімет пен әлеумет" бағдарламаларының шығарушы редакторы, Хабар" телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры, "Білім және Мәдениет" телеарнасы директорының орынбасары болды.

Сонымен қатар "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы-директор орынбасары, "Елорда ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьері-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779927-zejin-lipbek-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel