RU
Жүкті ару өзінің "пәк" екенін айтып, босанудан бас тартты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жүкті ару өзінің "пәк" екенін айтып, босанудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Гуйян қаласында қызықты оқиға орын алды. 20 жастағы бойжеткен өзінің жүкті екенін тек іші ауырып, ауруханаға жеткізілгенде бір-ақ білген. Алайда, аяғы ауыр ару босанудан бірден бас тартты. Ол бұл әрекетін ешқашанда жыныстық қатынасқа түсіп көрмегенімен түсіндірді деп жазады med.news.am сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: focus.de

Фото: focus.de

Оқиға алтыншы ақпан күні орын алды. Өзінің пәк екенін айтқан бойжеткен ешқашан төсектес болып көрмегендіктен жүкті болуы мүмкін емес екенін алға тартқан.

Ол өзіне толғағы кеп қалғанын мәлімдеген дәрігерлерді тіптен тыңдағысы да келмеген. Бойжеткен өзінің бұған дейін жыныстық қатынас тұрмақ, жігіті де болмағанын жеткізді.

Бойжеткен пәктігін тексеретін арнайы шараларды іске асыруды талап етіп, ауруханада шу шығарған.

Ақ халаттылар оның жүкті екенін білмей қалуына, cылқымның артық салмағы себепкер болған деген пікірді ұстануда.

Дәрігерлер бойжеткенді бір кеште қатты масайып, жүкті болғанын білмей қалды деп болжағанда қыз ішімдікті азуына да алмағанын айтқан.

Сондай-ақ, 20 жастағы ару ер адамдарды мүлде жек көретінін жеткізген. Ол соңына дейін, өзінің ешкіммен жыныстық қатынасқа түсіп көрмегенін дәлелдемек болды.

Босану кезінде де бойжеткен өзінің жүктілігін дәрігерлердің қатесі деп санап, өзін босандырауға талпынған мамандарға барынша кедергі келтірген.

Нәтижесінде, дәрігерлер оған кесарево жасауға мәжбүр болған. Жаңа туған сәбиді бойжеткеннің ата-анасына берген. Себебі, жас ана баласына жолағысы да келмеген.

Әзірге жас ананың қашан және қандай жағдайда жүкті болып қалғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
5
15
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel