RU
Карл Лагерфельдтің бар байлығына мысығы ие болуы мүмкін (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Карл Лагерфельдтің бар байлығына мысығы ие болуы мүмкін (фото)

Рассказать Вконтакте

85 жасында қайтыс болған әйгілі модельер Карл Лагерфельдің артында қалған бар байлығына мысығы ие болуы мүмкін деп хабарлайды tele.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Модельер өзінің ең жақыны ретінде Шупетт есімді мысығын атаған.

Жануар танымал тұлғамен бірге 2011 жылдан бері өмір сүреді.

Тіпті Шупетттің 3 млн доллар көлемінде қаражат сақталған өз шоты бар.

Бұл қаражатты Шупетт жарнамаға түсіп тапқан. Тіпті модельердің мысығының өз блогы да бар. Оның желідегі парақшасына 180 мың адам жазылған.

"Неміс азаматы өзінің жануарын қатты жақсы көргені сонша, бар байлығын мысығына қалдырмақ болған", - деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.

Алайда Лагерфельд мұны жасамаған. Себебі франциялықтарда мұрасын жануарға қалдыруға рұқсат жоқ. Өйткені елде үй жануарының өзі марқұмның артынан қалған дүние деп есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, сән әлеміндегі аңыз адам, әйгілі Chanel сән үйінің креативті диекторы Карл Лагерфельд 19 ақпан күні өмірден өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
4
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel