Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бас полицейі екі баланы өрттен құтқарған 13 жастағы жеткіншекті марапаттады (фото)

Опубликовано:

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов екі сәбиді өрттен құтқарған 13 жастағы Бақытжан Беркінбайды марапаттады деп хабарлайды Отырар арнасы.

Ералы Жұмаханбетов, Бақытжан Беркінбай. Фото: otyrar.kz
Ералы Жұмаханбетов, Бақытжан Беркінбай. Фото: otyrar.kz: Twitter

Қайсарлық танытқан 8 сынып оқушысы Бақытжан Беркінбайды Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапаттап, оның ата-анасына "Адам өмірін құтқаруда ерлік жасаған баласына үлгілі әрі өнегелі тәрбие бергені үшін" атты алғыс хат табысталды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 16 ақпанында Құрсай мөлтек ауданындағы Жаңақұрылыс көшесінде орын алған өртте алты және үш жасар балалар қалып қойған.

Ержүрек жеткіншек Бақытжан Беркінбай өртеніп жатқан үйден көршісінің екі баласын алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779945-symkentti-bas-policeji-eki-balany-rtten-ktkargan-13-zastagy-zetkinsekti-marapattady-foto/

pixel