RU

Елімізде 16 жастағы қыздар ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасата алмайтын болды

Қазақстанда 16 жастағы қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс қабылданбады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көрнекі фото: factroom.ru
Көрнекі фото: factroom.ru: Facebook

Министрлік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының қазіргі редакциясында бұл ұсыныстан бас тартқан.

Қазақстандықтар 18 жастан бастап түсік жасата алады.

Еске сала кетсек, ата-ананың рұқсатынсыз 16 жастағы қыздарға түсік жасату туралы ұсыныс өткен жылы күзде жіберілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779951-elimizde-16-zastagy-kyzdar-ata-anany-rksatynsyz-tsik-zasata-almajtyn-boldy.html