RU
Жігер Ауыпбаев бір көзі көрмей қалған туған інісіне Түркияда ота жасатты (видео)

Жігер Ауыпбаев бір көзі көрмей қалған туған інісіне Түркияда ота жасатты (видео)

Рассказать Вконтакте

кЖігер Ауыпбаев бір көзі мүлде көрмей қалған туған інісіне шетелде 4 мың АҚШ долларына ота жасатты. Әнші Түркияда жасалатын қымбат отаға осы уақытқа дейін қаражаты болмағанын ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, інісінің бір жанары сөніп қалған. Ал екінші көзінің көру қабілеті -20 болған.

"Бір көзінің жанары сөніп, мүлде көрмейді. Екінші көзі - 20. Көілдіріктің өзімен 20 % пайыз ғана көретін. Алдындағы заттарды байқамай қалатын. Бұл өзі жүре келе пайда болған нәрсе екен. Оның үстіне өзі айтпаған. Ол уақыттарда інімді тексертетіндей қаражат та болмады.
Алла Тағала маған берген мүмкіншіліктің арқасында, Түркияға тексертіп қайттық. Егер бұрын тексерткенімізде, екі көзі де аман қалады екен. Кейде жоқшылықпен жүріп, көп нәрсемізден айырылып қалатынымыз ақиқат нәрсе", - деген әнші отадан кейін інісін көріп, көзіне жас алған.

Әншінің інісі отадан кейін бір күн өткенде жазбаларды оқи бастаған.

"Түркияға барып, отасын жасатты. Қарашықтың бетіндегі затты алып, орнына басқасын салды. Отадан кейін толық бір күн көзін байлап жүрді. Ертесіне жазуларды оқып бастады. Дәрігерлеріне рахмет айтып, жылады. Оны көрген менің де көзіме жас толды", - дейді Жігер Ауыпбаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel