RU
"Премьер бізді 19.00-ден кейін жинады": Қасымбек отставка туралы айтып берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Премьер бізді 19.00-ден кейін жинады": Қасымбек отставка туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбек үкіметтің отставкаға кетуі туралы айтып берді деп хабарлайды Tenginews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mid.gov.kz

Фото: mid.gov.kz

"Президент шешім қабылдап, кеше 19.00-ден кейін бізді премьер-министр жинап алды. Елбасы дәлелдер келтірді. Біз толықтай келісеміз", - деді Қасымбек.

Оның айтуынша, министрлер жаңа үкімет мүшелері тағайындалғанша, өз қызметтерін атқара береді.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің отставкаға кету керектігін айтқан болатын.

Президент жарлығы бойынша, Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
4
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel