RU
Алматы облысында 18 жастағы ару із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында 18 жастағы ару із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының 2000 жылы туылған тұрғыны Александра Обидина бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр. Қазіргі уақытта полиция бойжеткенді іздеуді жалғастыруда деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Құқық қорғаушылар жоғалған қыз жайлы ақпаратты ведомстваның Facebook-тағы ресми парақшасында жариялаған.

Александра 25 қаңтар күні Алматы облысы Талғар ауданындағы үйінен шығып кеткеннен қайта оралмаған.

Жоғалған күні бойжеткен қара түсті куртка мен көк түсті джинсы киген. Сондай-ақ аяғында қара түсті бәтеңкесі болыпты.

Александраның бойы 150-155 см. Дене тұрқы орташа. Бойжеткеннің көзі көгілдір түсті. Ал шашы бұйра.

Ерекше белгісі: беті мен мойнындағы меңі.

Егер Александра жайлы қандайда бір ақпарат білсеңіздер Талғар аудандық полициясына немесе 102 нөміріне хабарласыңыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel