RU
Өзін тыныштандырғысы келген ер адам екі келі тас жеген

Өзін тыныштандырғысы келген ер адам екі келі тас жеген

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның Коян қаласының дәрігерлері ер азаматтың асқазанынан екі келі тас, шөлмектің қақпағы мен тиын алып шықты. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: majorpress.net, American Journal of Medical Case Reports

Көрнекі фото: majorpress.net, American Journal of Medical Case Reports

54 жастағы жергілікті тұрғын асқазанының ауыратынын айтып дәрігерге шағымданған.

Оның ісінген ішін ұстаған кезде, терісінің астында ұсақ тас сияқты заттар бары білініпті.

Тексеру уақытында емделуші өзін тыныштандыру мақсатында ұсақ тастар мен тиындарды жегенін мойындады.

Рентген ер азаматтың асқазаны бөгде заттарға толып кеткенін көрсеткен.

Бастапқыда дәрігерлер оның ішіндегі заттарды гастроскоптың көмегімен алуды ойлаған. Бірақ асқазандағы бөгде заттардың көптігінен, бұл мүмкін болмапты.

Дәрігерлер емделушінің іш құрылысынан тастар, шөлмектің қақпақтары мен тиындарды алып шығу үшін ота жасаған.

Ер адам ауруханада 9 күн жатты.

Сіздің реакцияңыз
0
5
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel