Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды

Опубликовано:

Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz
Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz: UGC

Тиісті қаулы президенттің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасап, үкіметтің отставкаға кетуге тиіс екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779967-askar-mamin-premer-ministrdi-mindetterin-atkarusy-bolyp-tagajyndaldy/

pixel