RU

Сағынтаев үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді

Министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады. Бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сағынтаев үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді
Фото:DailyNews.kz: Twitter

Сағынтаев Елбасының алға қойған міндеттерді іске асыруда үйлесімді еңбек еткендері үшін үкімет мүшелеріне алғысын білдіріп, барлығына табыс тіледі.

Бақытжан Сағынтаев премьер-министр міндетін 2016 жылдың қыркүйек айынан бері атқарған болатын.

Еске сала кетейік, 21 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс екенін мәлімдеді.

Елбасы не себепті мұндай шешімге келгенін видео мәлімдеме арқылы түсіндірді.

Президент жарлығымен Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779976-sagyntaev-kimet-mselerine-atkarylgan-zmys-sin-algys-bildirdi.html