RU
40 жасқа толғанша құжат ала алмай жүрген көкшетаулық азамат жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

40 жасқа толғанша құжат ала алмай жүрген көкшетаулық азамат жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Көкшетау тұрғыны Ыдырыш Рахметхан 28 жыл бұрын отанына оралған. Алайда құжаттарын әлі рәсімдей алмаған ол баласын атына жаздыра алмай жүр. Тіпті әйелімен заңды некеге де тұра алмаған азамат басар тауы қалмағанын жеткізді деп хабарлайды КТК арнасы.

40 жасқа толғанша құжат ала алмай жүрген көкшетаулық азамат жанайқайын жеткізді

Фото: Видеодан скриншот

Рахметхан үйдің кенже баласы, оның әкесі 1992 жылы 10 баламен Монғолиядан ата жұртқа қоныс аударған.

Бауырларының барлығы кәмелет жасқа толысымен төлқұжаттарын алып, толыққанды Қазақстан азаматығын алған. Ал Рахметхан үшін жеке төлқұжатқа ие болу бақыты бұйырмаған.

2005-ші жылдан бері қағаз жинаумен келеді екен. Ер адам 10 жыл бұрын үйленіп, өз алдына отау тіккен. Өмірге Аян атты ұлы келген. Бірақ заңды некеге отыру мүмкін болмаған.

«Құжаттарымды бірнеше рет  жоғалтып жіберді. Өстіп жүріп 40-қа да келдім.Жинаймын апарамын, жоғалтып тастайды. Басқа адам тұрады орнында. Астанаға дейін бардым», - деді ашынған жігіт.

28 жылда Рахметханға  жеке басын растайтын «азаматтығы жоқ тұлға» деген деген уақытша куәлік те берілмеген. Ата-анасына еріп шекара асқанда ол небәрі 12 жаста болған.

Ал қазір әйелі жалғызбасты ана, ал баласы әкесіз болып есептеледі.

"Неке куәлігі де жоқ. Мысалы бала мептепке барады. Менің әкемнің атында мына бала. Өзі ұялады мектепте достарынан. Бармаған жеріміз жоқ", - деді жұбайы Меруерт Көкетай.

Көші-қон полициясының өкілі азаматтың туу туралы куәлігінде ұлты қазақ екені дәлелденіп отырғандықтан, құжатын рәсімдеуге көмектесетіндерін жеткізді.

Алайда 28 жылдан бері құжатсыз жүрген азамат ұрлық, зорлық жасағаны үшін төрт рет сотталып үлгеріпті.

Дереккөз:КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel