RU
Бақытжан Сағынтаев Елбасыға алғыс айтты (видео)

Бақытжан Сағынтаев Елбасыға алғыс айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отставкаға кетуі жайлы мәлімдеме жасады. Бұрынғы премьер-министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді деп хабарлайды primeminister.kz.

Фото: egemen.kz

Фото: egemen.kz

Бақытжан Сағынтаев 21 ақпан күні үкіметтің отставкаға кеткенін айтқан.

"Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді.
Мемлекет құру оңай жұмыс емес. Жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи өлшеммен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы Ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық.
Елбасы - еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті, халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады", - деген экс-премьер-министр Нұрсұлтан Әбішұлына алғысын айтты.
"Өткен екі жарым жыл бойы үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, 21-ші ақпанда мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасап, үкіметтің отставкаға кетуге тиіс екенін айтқан болатын.

Президентің мәлімдемесінен кейін Қазақстан үкіметі отставкға кетіп, премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқарушы болып, Асқар Мамин тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
4
9
0
0
4
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel