RU
Семейде қылмысы әшкере болған кондуктор ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде қылмысы әшкере болған кондуктор ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Семейде қоғамдық көлікте кондуктор болып жүріп, жолаушының қалтасын үптеген ұры ұсталды. Қылмысы әшкере болған 26 жастағы кондуктор бұрын да істі болған деп хабарлайды altaynews.kz.

Фото:altaynews.kz

Фото:altaynews.kz

Жергілікті полиция бөлімшесіне барған қала тұрғыны "Huawei" маркалы 50 мың теңгелік телефонының жоғалғаны туралы шағым түсіреді.

Оның мәліметінше, телефонды шубасының қалтасынан автобуста ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру шарасының барысында 26 жастағы кондуктор қолға түсті. Оның бұрын істі болғаны да анықталған.

Күдікті телефонды біреуге сатып, ақшасын жаратып қойғанын айтыпты.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 188-бап 1-тармағы бойынша іс қозғалуда.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel