RU
Сағынтаев басқарған үкіметте кімдер жұмыс істеді? (фото)

Сағынтаев басқарған үкіметте кімдер жұмыс істеді? (фото)

Рассказать Вконтакте

21 ақпан күні Қазақстан президенті үкіметтің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды. Осы уақытқа дейін үкіметті басқарған Бақытжан Сағынтаевтың қол астында кімдер және қанша уақыт қызмет етті? Бұл сұраққа NUR.KZ жауап береді.

Фото: Коллаж NUR.KZ

Фото: Коллаж NUR.KZ

Үкіметтің 10-басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл қызметке 2016 жылдың 9 қыркүйек күні тағайындалған. Ол қазіргі ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовты алмастырды. Ал оның алдында Сағынтаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып дәл сол күні Асқар Мамин тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін "Қазақстан темір жолы ҰҚ" АҚ басшысы болған.

Асқар Мамин. Фото: 24.kz

Асқар Мамин. Фото: 24.kz

Ал Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ басқарған Ерболат Досаев 2017 жылдың 29 тамызынан бастап премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Ерболат Досаев. Фото: altynsarin.ru

Ерболат Досаев. Фото: altynsarin.ru

Онымен бірге тағайындалған Асқар Жұмағалиев 2018 жылдың 26 желтоқсанында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі атанды.

Асқар Жұмағалиев. Фото: primeminister.kz

Асқар Жұмағалиев. Фото: primeminister.kz

Өмірзақ Шүкеев премьер-министр орынбасары- ауыршаруашылық министрі қызметіне 2017 жылы 15 желтоқсанда тағайындалды. Оған дейін Шүкеев "Самұрық-Қазына" қорының басшысы қызметін атқарған.

Өмірзақ Шүкеев. Фото: Atameken Business Channel

Өмірзақ Шүкеев. Фото: Atameken Business Channel

Ал Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрлігіне жақын арада, 2018 жылдың 26 желтоқсанында сайлаған. Ол Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың орнына отырған. Оған дейін Атамқұлов 2016 жылдың қазан айынан бастап Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде қызмет еткен.

Бейбіт Атамқұлов. Фото: 7kun.kz

Бейбіт Атамқұлов. Фото: 7kun.kz

2019 жылдың 12 ақпанында тағайындалған Ерлан Тұрғымбаев бұрынғы ІІМ Қалмұханбет Қасымовты алмастырды.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Lada.kz

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Lada.kz

Мәдениет министрлігінің басшылығына 2014 жылдың мамыр айында келген Арыстанбек Мұхамедиұлы сол жылдың 6 тамызында Мәдениет және спорт министрі атанды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: news2world.net

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: news2world.net

2016 жылдың 28 желтоқсанында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың орнына Тимур Сүлейменов келді.

Тимур Сүлейменов. Фото: mail.kz

Тимур Сүлейменов. Фото: mail.kz

Ал 2018 жылдың ақпан айында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде Тамара Дүйсенованың орнына Мадина Әбілқасымова тағайындалды.

Мадина Әбілқасымова. Фото: Primeminister.kz

Мадина Әбілқасымова. Фото: Primeminister.kz

Дәл сол жылдың 18 қыркүйегінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың орнын Әлихан Смайылов басты.

Әлихан Смаилов. Фото: ru.egemen.kz

Әлихан Смаилов. Фото: ru.egemen.kz

Мемлекет басшысының баспасөз қызметшісі болған Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігін 2016 жылдың мамыр айынан бастап басқарды.

Дәурен Абаев. Фото: bnews.kz

Дәурен Абаев. Фото: bnews.kz

Аталған жылдың маусым айында Жеңіс Қасымбек Инвестиция және даму министрлігін басқарып, желтоқсан айындағы қайта құрудан соң Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атанды.

Жеңіс Қасымбек. Фото: NUR.KZ

Жеңіс Қасымбек. Фото: NUR.KZ

Ал 2018 жылы сәуір айында Дін істері мен азаматтық қоғам министрі атанған Дархан Калетаев 2018 жылдың 3 шілдесінен бастап Қоғамдық даму министрі болды.

Дархан Калетаев. Фото: 24.kz

Дархан Калетаев. Фото: 24.kz

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін 2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап басқарды.

Елжан Біртанов. Фото: zhardem.kz

Елжан Біртанов. Фото: zhardem.kz

Ал Білім және ғылым министрлігінің басшысы Ерлан Сағадиев 2016 жылдың 10 ақпанында тағайындалды.

Владимир Школьникті алмастырған Қанат Бозымбаев Энергетика министрлігі басшылығына 2016 жылдың 25 наурызында келді.

Қанат Бозымбаев. Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев. Фото: primeminister.kz

2018 жылдың тамыз айында Нұрлан Ермекбаев Сәкен Жасұзақовтың орнына Қорғаныс министрлігін қолға алды.

Нұрлан Ермекбаев. Фото: NUR.KZ

Нұрлан Ермекбаев. Фото: NUR.KZ

Ал Әділет министрлігін Марат Бекетаев 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап басқарды.

Марат Бекетаев. Фото: mediaunion.kz

Марат Бекетаев. Фото: mediaunion.kz

Айта кетейік, 21 ақпан күні мемлекет басшысы үкіметтің отставкаға кетуі тиіс екенін хабарлады.

Осылайша, Елбасы министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды.

Премьер-министрдің міндетін уақытша Асқар Мамин атқаратын болды.

Бақытжан Сағынтаев өз әріптестеріне атқарылған істер үшін рахмет айтып, Елбасыға алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
2
0
2
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel