RU
Таразда салонға келген келіншек 30 мың доллары мен 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Таразда салонға келген келіншек 30 мың доллары мен 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Таразда 38 жастағы әйел адам көлігінен 30 мың АҚШ доллары, екі жарым миллион теңге және алтын бұйымдарын ұрлатқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таразда салонға келген келіншек 30 мың доллары мен 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Көрнекі фото:carros.ig.com.br

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде жәбірленуші сұлулық салонында болған.

Оның шағымы негізінде жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, полицейлер ұрыны қолға түсірген.

"Күдікті 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын істі болған. Оның тұрып жатқан пәтерін тексеру кезінде айғақ заттар тәркіленді. Тінту барысында 10 мың АҚШ доллары, швейцарлық қымбат сағат және жалпы құны 10 миллион теңге болатын алтын бұйымдар табылды. Сонымен қатар пәтер мен көлік есіктерін ашатын бірнеше құрал-саймандары тәркіленді", - деп мәлімдеді облыстық полиция баспасөз қызметі.

Күдікті кінәсын толық мойындаған, қазір уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
9
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel