RU
Ақтөбеде бозбаланы "қызға бардың" деп төменгі курс студенттері соққыға жыққан

Ақтөбеде бозбаланы "қызға бардың" деп төменгі курс студенттері соққыға жыққан

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Алға ауданындағы техникалық колледжден шу шықты. Туыстары Whatsapp желісіндегі топтар арқылы тараған видеодан студент туысының соққыға жығылғанын көріп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Зардап шегушінің өзі "төменгі курс студенттері сабады" деп айтуға арланған.

Ал туыстары төбелеске қатысты колледжде ешқандай шара қолданылмағанын айтады. Жәбірленуші жақ енді іс жабылып қала ма деп алаңдап отыр.

"Менің жиенімді колледж студенттері бір қызға бола сабаған және бұл оқиға үш ай бұрын болып тұр. Бала қорқып, бізге айтпай жүрген. Жиенімді сабап жатқан видеоны қалаға барғанымда Whatsapp желісіндегі группалардан көріп қалдым. Үйге келген соң жиеніме көрсетіп, мән-жайды анықтадым. Ол сол кезде ғана айтты.
Ана балалар бір қызға бардың деп тиіскен. Жиенім өзін мазақ қылып, тепкілеп жатқан видео желіде тарап кеткен соң қысылып, сабаққа бармай қиналған. Сабағы да нашарлап кетті, стипендиясынан қағылды. Осы жағдайды білгеннен кейін баланы дәрігерге қараттық.
Баланың миы шайқалған. Енді бұл істі жауып тастай ма деп алаңдап отырмыз. Себебі ұрған балалардың туыстары мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді" ,- дейді таяқ жеген студенттің нағашы ағасы Аманғали Түбетбаев.

Қазіргі уақытта таяқ жеген студенттің туыстары полицияға арыз түсірген. Ал колледж басшылығы полиция тергеуінен кейін шара қолданатынын жеткізді.

"Бұл өткен жылдың қараша айында болған жағдай. Ата-анасы хабарласты. Әлі ештеңе дәлелденген жоқ, әуелі дәлелдеп алсын. Видеодағы біздің колледждің балалары екені рас. 2 курстың студентін 1 курс студенттері ұрған. Балалар сабаққа қатысып, үйренісіп кеткен кезде полицияға бердім деп отыр.
Басы жарылған болса сол кезден бастап іс қозғалатын еді. Балалар болған соң ондайлар болады. Бірінші полиция анықтасын, сосын көреміз", - дейді Алға техникалық колледжінің директоры Қанат Нұрғали

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel