RU
Ағасы жынның қызына ғашық болған түркістандық азамат жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Ағасы жынның қызына ғашық болған түркістандық азамат жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын Садық есімді азамат 11-сынып оқып жүргенде ғашық болған жынның қызын әлі күнге дейін ұмыта алмаған. Бүгінде төрт ұлдың әкесі атанған ол дәл жын елесіндей аруды жолықтырмапты. Бұл оқиғаны Садықтың інісі Ерболат Мұса баяндап берген деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: lorddreadnought.livejournal.com

Көрнекі фото: lorddreadnought.livejournal.com

Аталған оқиға осыдан біраз жыл бұрын орын алған екен.

Әкесі қайтыс болған соң мектептің соңғы сыныбында оқып жүрген Садықтың жүріс-тұрысы өзгере бастаған. Ол сандырақтап сөйлеп, өз-өзімен тілдесіп, үйдің артындағы алма бағында жүре беретін болыпты. Ол аздай, кейде өзімен ұрысып, кейде сықылықтап күледі екен.

Уақыт өте Садық түн жарымда үйден кетіп қалуды әдетке айналдырған. Ауыл балаларына тән қылық болғандықтан үйдегілер оған аса қатты мән бере қоймапты. Тек анасы ғана ұлының бұл әрекетінен күдіктене бастаған екен.

"Бір күні анам жылап отырып атама Садықтың жайын айтты. "Оны жын соққан секілді" дегенін анық естіп қалдым. Өйткені, ағам түнде сыртқа шығып кетеді екен де, моншаның қасындағы тандырдың ішіне кіріп алып, біреуді еркелетіп отырады екен. Анам байқап қойыпты. Таңертең ағам тандырдың ішінде ұйықтап жататын", - дейді Садықтың інісі Ерболат.

Осылайша, үйдегі ақсақал ауылдағы Жақан есімді молданы әкеліп, Садықты оқыта бастаған.

"Жайсыз жерге жатып қалған ғой. Жынның қызы иектеп алыпты. Түнде сол оятып, тандырдың ішіне ертіп әкетеді екен. Жеті күн оқып ажыратып аламын", - депті сонда молда.

Ерболат бірнеше күннен соң ағасы ауруынан құлан-таза айығып кеткенін айтады. Қазір үйлі-баранды болған Садықтың төрт ұлы бар екен.

"Кейде осы оқиғаны сұрасам, ағам ауыр ойдың құшағына сүңгіп кететін. "Мен ондай әдемі қызды әлі бұл әлемде кездестірген емеспін" дейтін. "Жеңгеміздің сұлулығына жете қоймас енді" деп қалжыңдаймын мен. Ағам сол бір қасіретті күннің елесі есіне түсіп кеткендей ауыр күрсінетін", - деп әңгімесін түйіндеген Ерболат.

Сіздің реакцияңыз
6
10
16
2
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel