RU
"Жағдайы жоқтар көп бала туады": Ақтөбелік сегіз балалы әйел қоғам пікіріне жауап берді

"Жағдайы жоқтар көп бала туады": Ақтөбелік сегіз балалы әйел қоғам пікіріне жауап берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік көпбалалы отбасы Зинат пен Дәурен Ботабасов өздерінің жеке бизнесін дөңгелетіп отыр. Тоғызыншы сәбидің дүниеге келуін күтіп отырған ерлі-зайыпты көпшіліктің "Көп баланы жағдайы жоқ, тұрмысы нашар әйелдер ғана туады" деген көзқарасына келіспейді деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зинат Ботабасова. Фото: "Время" басылымы

Зинат Ботабасова. Фото: "Время" басылымы

Зинат пен Дәурен 2000 жылы шаңырақ көтерген. Ол кезде отағасы 29 жаста, ал Зинат 22-де болған.

Біраз қиындықты бастан өткерген отбасы Ақтөбе облысы Алға ауылында тұрады.

"Үйленгеннен соң біз жергілікті әкімдіктен үй сұраған болатынбыз. Сол кезде үйлерін тастап, қалаға көшіп кеткен тұрғындардың бірінен қалған үш бөлмелі пәтер берілді.

Алтыншы қабатта орналасқан үйдің терезесі де жоқ еді. Ол пәтердің 102 мың теңге қарызы үшін жарығы мен суын, жылуын өшіріп тастаған екен.

Дәурен қиналмай үйге жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сосын жұрттан қалған ескі диванды әкеліп, сыртқы матасын қайта өңдеп сатумен айналыстық", - дейді Зинат.

Осылайша тұрғындардан жиһазын жөндетуге тапсырыс түсе бастаған. Ал арада үш жыл өтіп, пәтердің ақысы төленген соң, әлгі үйдің бұрынғы иесі қайта келіпті.

Ол пәтерді босатуды сұраған. Олар бұрынғы пәтер иесімен соттасып, өздері төлеген қаражатты талап етеді.

Ақырында олар өздері тұрып жатқан пәтерді иесінен сатып алып, арада бір жыл өткенде сатып жібереді. Бұл уақытта Дәурен мен Зинат екі балалы болып үлгерген.

Пәтерін сатқан жас отбасы ауылдан 10 сотық жер сатып алып, жаңа үйдің құрылысын бастайды.

Кедіргілерге тап болып, жеіп шыққан отбасының асыраушысы бүгінде жиһаз жөндейді және жаңасына тапсырыс қабылдайды екен.

Сондай-ақ, Зинат әр баланы дүниеге әкелерде күйеуімен ақылдасып, сәбиді жоспарлайтындарын да жасырмады.

"Әр ата-ана баласының өзгеден артық болғанын қалайды. Дүниеге әкелген ұрпағының дені сау, ақылды, жақсы тәрбиеде болғаны ата-ана үшін - ең үлкен бақыт.

Алайда ол үшін әр адам баласының алдындағы жауапкершілігін сезіне білуі керек. Оларды баға алатындай жоспары болғаны дұрыс.

Бұл тұрғыдан менің енем алтын адам. Бізді әрдайым қолдап отыратын сол кісі", - дейді келіншек.

Айта кетейік, Ботабасовтар отбасының алты баласы мектеп оқушылары. Ал кенжелері Кәусар мен Қанағат әлі кішкентай.

Алдағы уақытта Зинаттың өзі де жеке бизнеспен айналысуға ниет еткен. Келіншек қазірдің өзінде арнайы курстан өтіп алыпты.

"Көпбалалы ана ретінде мен де мемлекеттен 16 мың теңге жәрдемақы аламын. Біз бұл ақшаға балаларымыздың телефон бірлігін ғана толтырамыз. Мұнан бөлек күйеуім мүгедектігі үшін 30 мың теңге алады.

Алайда біз бұл мемлекеттің көмегіне қарап қалмадық. Баланы өзіміз үшін тудық. Балалардың жауапкершілігі өз мойнымызда болғандықтан, біз олардың жағдайын жасауға міндеттіміз.

Ал мемлекеттің міндеті балаларды тегін балабақшамен қамтамасыз ету деп түсінемін. Сондай-ақ, мемлекет "көпбалалы аналарға жолда жүретін жеңілдік" пен "балаларын ЖОО-ға түсіру үшін жеңілдіктер" қарастырса деймін. Қазір әркім өз ісін алға қоятын заман. Ең бастысы еңбектене білу керек", - деп сөзін аяқтады сегіз балалы ана.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
1
26
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel