RU
"Амман", "Хусейн Бен Талал": Семейлік тұрғын Астанадағы көше атауларына шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

"Амман", "Хусейн Бен Талал": Семейлік тұрғын Астанадағы көше атауларына шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Астанадағы көпшілік біле бермейтін көше атаулары қала қонағын таң қалдырды. Семейден ат терлетіп келген Бейсен есімді ақсақал елордадағы көшелерге алаш қайраткерлерінің атын беру керектігін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Астанада көше атаулары қоғам қайраткерлерінің атауынан бастап, көне қалалар мен Қазақстанның қазіргі қалаларының атауымен аталатынын көпшілік біле бермейді.

Мәселен қаланың сол жағалауында Сығанақ, Сауран, Ақмешіт деген сынды көше атауларын кездестірсеңіз, қаланың тағы бір ауданынан "Амман", "Хусейн Бен Талал" деген атауларды кездестіресіз. Астанаға қонақ болып келген семейлік ақсақал көше атауларын жедел ауыстыру керек деген пікірде.

"Пирамиданың жанындағы "Гранд Астана" тұрғын-үй кешенінен бір бөлмелі пәтер алып, былтыр күзде балам көшіп келген еді. Жақсы аудан, сол жағалауға бес-ақ минуттық жерде тұр. Зейнеткермін, күнімен балалар жұмыста болғанда автобусқа отырып, қала ішін аралаймын.
Осындағы №32 бағыттағы автобусқа отырсам, "келесі аялдама Амман көшесі" деп қақсайды да жатады. Сосын Хусейн Бен Талал деген көше бар екен. Шырақтарым-ау, көшеге есімі берілетін бізде бұдан басқа қайраткер қалмап па еді? Тіпті айтайын десең тілің күрмеледі екен әлгіндей атаулардан? Алаштың қайраткерлері жетеді емес пе? Көше аттарына неге солардың атын бермеске?", - деді зейнеткер.

Сонымен бірге ол сол жағалаудағы Сығанақ, Сауран деген көше атауларын да тез шатастырып алуға болатыны айтты.

"Сауран, Сығанақ, Сарайшық дейді. Бірақ қаланың басқа аудандарындағы көшелерге беруге болатын еді ғой? Жоқ бәрін бір сол жағалауға беріп қойған, оған қоса бір-бірімен қиылыстырып қойған. Бөкейхановтың есімін кішкентай ғана көшені беріп қойған. Ешкімді сынап-мінеп жатқан жоқпыз. Бірақ тарихымызды, қазақ үшін еңбек еткен қайраткерлерімізді ұмытпасақ дейміз.

Жаңағы Аммандарға қарағанда өзіміздің қаншама ақын-жазушыларымыз бар, солардың атын берсе болады ғой? Өзіміздің қайраткерлерді дәріптеу керек. Айтпағым сол, қала билігі әлгіндей көше атауларын өзгертсе екен дейміз", - дейді қария.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel