Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 7 бірдей баласы бар отбасы далада қалды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде үйі өртенген көпбалалы жанұя далада қалды. Жеті баласының аман қалғанына шүкір еткен отбасы қазір көпшіліктің көмегіне зәру деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ақтөбе қаласы Сүт зауыты ауданындағы Байтөбетовтер отбасының үйі кеше кешкісін өртенген.

"Өрт болған кезде әйелім екеуміз үйде болған жоқпыз. Неден шыққанын білмейміз. Кішкентайларым теледидар қарап отырған. Інім қорада жұмыс істеп жатқан. Балаларды сол құтқарып қалды. Аман қалғанымызға шүкір деп отырмыз", - дейді отағасы Мұрат Байтөбетов.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Отағасы шаңыраған 2008 жылы өзі тұрғызғанын екен.

"Бұл үйді он жыл бұрын өз қолыммен салып едім. Аяқ астынан балаларыммен қаңғып қалдық. Кеше апамның үйіне барып түнедім. Шиеттей бала - шағаммен енді қайда барамын?", - дейді Мұрат Байтөбетов.

Егер Мұрат Байтөбетовтың отбасына көмек көрсетм дейтін жандар үшін телефон нөмірі: 8 778- 437-57-07

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780082-aktbede-7-birdej-balasy-bar-otbasy-dalada-kaldy-foto/

pixel