RU

Бүркіттің тағы бір қарындасы сұлулығымен таңдай қақтырды (фото)

Бүркіт өзінің Instagram парақшасына қарындасының суретін жариялап, оны туған күнімен ерекше құттықтады. Әншнің тыңдармандары туған күн иесінің сұлулығына тәнті болып, қарындастарының бәрі бірінен-бірі өткен хас сұлу екенін алға тартты деп жазады NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Бүркіт қарындасы Айя Бекжігітке жантебірентерлік жазба арнаған.

"Бүгін менің қарындасымның туған күні! Жаным сені шын жүректен құттықтаймыз. Өзі әдемі әрі ақылды. Осы бетіңнен тайма. Саған ең бастысы өмірлік серігіңді табуды тілеймін. Сені сыйлайтын, қатты сүйетін жан кездессін. Тек нағыз еркектер ғана жақсы көре алады. Бақытты бол! Жасыңа жас қосылып, шаттық өмір сүруіңе тілектеспін" , - деп жазған әнші.

Желі оқырмандары жұлдыздың қарындасына арнаған ақ тілегіне қосылып, бойжеткеннің сұлулығына тәнті болған.

"Отбасыларыңызда кілең әдемі қыздар екен" , "Сізге қатты ұқсайды екен" , "Қарындасыңыз қандай әдемі" , " Барлық жақсылық тілейміз, сұлу қыз! Бақытты бол. Жақсы жан жолықсын" , "Не деген әдемі қыз өзі" , "Нағыз ханшайым ғой. Қандай әдемі" , деп жарыса пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780092-brkitti-tagy-bir-karyndasy-slulygymen-tadaj-kaktyrdy-foto.html