RU
Тәуекел Мүсілім 21 жастағы жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілім 21 жастағы жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Талай қыздың жүрегін жаулаған отандық актер Тәуекел Мүсілім жұрттан жасырған сүйіктісін көрсетті. Ең қалаулы күйеу жігіт ғашығын ресми түрде таныстырмаса да, көпшілік ортасына өзімен бірге алып жүр деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасы.

Фото: instagram/ musslim, ulsvg

Фото: instagram/ musslim, ulsvg

Қазірде көңіл қосып жүрген аруы болса да, актер шаңырақ көтеруге асықпайтын көрінеді.

"Кездесіп жүрген қызым бар. Қашан нақты үйленетінім белгісіз. Бұйырған күні бүкіл халық біле жатар", -дейді ол.
Фото: Видеодан кадр/ НТК

Фото: Видеодан кадр/ НТК

Тәуекел Мүсілімнің ғашығы - 21 жастағы Айтұрған есімді ару. Актер шоу-бизнеске еш қатысы жоқ сүйіктісін тіпті достарынан да жасырып жүрген сыңайлы.

"Шынымды айтсам, әлі танысқан жоқпын. Бірақ, бүгін танысамын деген ойдамын. Жасырып жүрген жоқ шығар. Мүмкін, біз жай ғана танысып үлгермей қалдық", -дейді актер Олжас Әлжанов.

Ең сымбатты актердің қазіргі серігін Артур Төлепов те танымайтын болып шықты.

"Мен таныс емеспін. Шыны керек, балалармен көріспегелі екі ай болып қалды", -деді ол.

Айтұрғанмен танысу бақыты тек актер Бауыржан Сатовқа бұйырған сынды.

"Мен таныспын, иә. Өз ойымызды, пікірімізді айтамыз ғой. Бірақ, Тәуекелдің ойында өз жоспары бар. Болашақта біз айтқанмен, оны істемейді", -дейді Сатов.
Сіздің реакцияңыз
9
6
12
1
5
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel