RU
"Үйдің Ата заңы бар": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қойған қатаң талап туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Үйдің Ата заңы бар": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қойған қатаң талап туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне өмірлік серігі қойған қатаң талабы туралы ашып айтты. Анықталғандай, танымал тележүргізуші күйеуі бекіткен арнайы отбасылық Ата заңға бағынады. Жеке өмірі жайлы тіс жармайтын журналист бұрын-соңды еш жерде айтпаған жанұялық құпиясымен бөліскен деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал журналист пен күйеуінің арасында өзара келісім жасалған. Оған сәйкес, Ләйлә Сұлтанқызы жұмыстан үйге жолдасынан бұрын келуге міндеттелген. Сүйіктісі қойған шартты белгілі бір жағдайларға байланысты бұзып алған ол басы бәлеге қалғанын мойындады.

"Бізде үйдегі кісімен бір келісім бар. Қандай жағдай болмасын, мен одан кейін жұмыстан келуге хақым жоқ. Былайша айтқанда, мен одан кейін үйге кірмеуім керек. Ол бізде бірінші күннен келісілген мәселе. Одан бір минут болса да, одан бұрын келуім керек үйге. Бір-екі рет келісімшарттарда отырып қалып, жұмыстан кеш босаған сәттер болды. Сол кезде өзім оңбай сөз естідім.
Келісімнің аты келісім. Ол үйдің конституциясы. Үйде бізде тоңазытқыштың алдында кәдімгідей конституция жазылып тұрады. Үйде бұзылмайтын нәрселер, бала 30 минут ұялы телефон қарай алады. Бұл бұзылмайтын шарт. Қатып қалған ата заңымыз бар" , - деп бар сырын ақтарды Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызының айына қанша жалақы алатынын жазған болатынбыз. Оған қоса, тележүргізуші балаларына қанша қаржы жұмсайтынын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
4
9
3
1
3
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel