RU
"Трансформация болмайды": Үкімет отставкаға кеткен соң министрліктер қалай жұмыс істейді?

"Трансформация болмайды": Үкімет отставкаға кеткен соң министрліктер қалай жұмыс істейді?

Рассказать Вконтакте

МҚІСЖҚІА мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кеш қайтуы мәселесімен айналысып жатқанын және барлық министрлікте бұл түйін түпкілікті шешілгенін хабарлайды. Алайда үкімет отставкаға кетіп, министрлер өзгерген соң мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарын дәл 18:30-да аяқтай ала ма? Бұл сұраққа NUR.KZ жауап іздеп көрді.

Көрнекі фото: 201day.wordpress.com

Көрнекі фото: 201day.wordpress.com

Саясаттанушы Айдос Сарым премьер-министрдің қызметіне Асқар Мамин келсе, оның жұмысқа деген қабілеттілігінен шенеуініктерге сағат 18:00-де жұмысты аяқтап, үйге қайту деген түсінікті ұмыту керек екенін айтты.

Алайда, саясаттанушының сөздері мемлекеттік қызмекткерлерді қатты уайымға салып жібермеуі тиіс.

"Әрине, кешегі өзгерістерден соң кез келген мемлекеттік органда жұмыста қалу қажет болатын жағдайлар кездеседі. Алайда, барлығы артық жұмыс істеудің шегі екі сағат екенін, бір айда тек 12 сағат қана артық жұмыс істеуге болатынын білуі керек.

Жұмыс берушінің одан көп уақыт ұстауға құқы жоқ. Егер жұмыс аяқталған соң жұмысшының асығыс жұмыстары болса, ол кете беруіне болады. Оған басшылық тарапынан ешқандай әсер болмайды", -деді еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитеті төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

"Мен мемлекеттік органдардың штаттық кестесін өзгертетін ерекше ештеңе көрмеймін. Үкіметтің қандай да бір трансформациясы туралы сөз де болмайды. Функционалды түрде өзгеретіндей ешқандай жаңа министрліктер немесе олардың бірігуі болған жоқ. Сондықтан, менің ойымша, бұл жерде қорқудың қажеті жоқ. Мемлекет басшысы айтқандай, съезді күтетін боламыз", - деді МҚІСЖҚІА Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Жақсымбетов.

МҚІСЖҚІА қандай өзгерістер орын алса да, заңды ешкім өзгертпегенін айтады. Яғни, артық уақытта жұмыс істеу үшін жұмысшымен келісілген құжат болу керек және артық жұмыс уақыты үшін қажетті ақшалай өтемақы немесе демалыс уақыты берілу керек.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel