RU
Ақмола облысының тұрғыны полицейдің киімін жыртып, соққыға жыққан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысының тұрғыны полицейдің киімін жыртып, соққыға жыққан

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында қоғамдық орында мас күйінде жүрген ер азамат полиция қызметкерін соққының астына алған. Бұл туралы ІІМ-не қарасты көліктік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: 24.kz

Көрнекі фото: 24.kz

Ведомствоның хабарлауынша, Маңғышлақ темір-жол бекетінің желілік полиция бөлімінің қызметкері Т.Қарымсақов темір жол вокзалында мас күйде жүрген 46 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстаған.

Қоғамдық тәртіп сақшысы әкімшілік хаттама толтыру үшін құқық бұзушыны полиция бөлмесіне алып келіпті.

Сол жерде мас жолаушы полиция қызметкерін боқтап, бірнеше рет басынан, бетінен ұрып, киімін жыртқан.

Осыдан кейін 46 жастағы күдіктінінің қаншалықты мас екенін анықтау үшін, медициналық тексеру бекетіне апарыпты.

Баспасөз қызметінің айтуынша, бұзақы шабуылдаған тәртіп сақшысының миы шайқалып, бас-сүйек жарақатын алған.

Оны Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіпті.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 380 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel