RU
Қызылордада үш баласы өрттен қайтыс болған ана баспаналы болды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада үш баласы өрттен қайтыс болған ана баспаналы болды

Рассказать Вконтакте

Қызылордада үш баласы иіс тиіп қайтыс болып, содан бері туыстарын паналап жүрген ана баспаналы болды. Облыс әкімі қайғыдан қан жұтқан анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram/bibiguldauletbek

Фото: Instagram/bibiguldauletbek

Бұл қуанышты хабарды аса ауыр жағдайға тап болған келіншекке барынша көмектесуге тырысқан танымал журналист хабарлады.

Бибігүл Дәулетбек өзінің Instagram парақшасында Жанар Сәдуованың баспаналы болғанын жария етіп, көпшіліктен сүйінші сұраған.

"Мына суретте 3 сәбиінен айырылған Жәмиләні адам аярлықтай. Жәмилә - 5 баласы бар Қуаныш пен Мақпалға қызыға қарап тұр. Жәмиланің - жүрегі жылап тұр. 17.02.2019 жылы сонау Қызылордадан менің кітабымның тұсаукесеріне келіп, xалықты жылатқан (өзім де саxнада жылап алдым) Жәмиланы тек былай жұбатқан едім:

"Жәмила! Сенің өмірің енді өзгерді! Саған қайтсем де үй алып беруге тырысамын. Енді сен - жаңадан өміріңді бастайсың" деп, xалықтың алдында: "Менің мақсатым - Жәмиланың үнін жоғарыға жеткізіп, баспана алып беру. Егер жоғары жақ қозғалмаса, Сіз бен біз болып үй алып береміз, қолдайсыздар ма?" -дедім.

Келген 800 оқырманым бір ауыздан: - Иә, қолдаймыз! -деді.

Алдынгүні Қызылорда әкімшілігі Жәмилаға звондап, дереу билет алып Қызылордаға жетуін өтінді. Сол кезде маған ол xабарласқан еді. Жүрегім баспана беретіндей Жәмиламен бірге қобалжыдым. Алданбаппын. Сүйінші, Халайық! Бүгін көңілі жарымжан 3 сәбиінен айырылған Жәмила Садуоваға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 2 бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.
Мен Халықтан 5 млн жинап бердім. Халқыма ризамын" , - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада үш баласы өрттен көз жұмған ананың жанайқайын жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
3
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel