RU
Павлодар облысында шенеунік бір млн теңге пара алды деп күдіктелуде
Жаңалықтар Саясат және экономика

Павлодар облысында шенеунік бір млн теңге пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро департаменті Павлодар облысындағы шенеунікке қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ол бір миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Пара үшін күдікке ілінген шенеуніктің "Қазақстан су жолдары" мекемесінің директор орынбасары болып қызмет ететіні анықталды.

Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, мекеме Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі кемелердің жүзу қауіпсіздігі мен навигациялық жүйелерді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Директор орынбасары "Қазақстан су жолдары" павлодарлық бөлімшесінің басшысынан бір миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel