RU
Тоқтар Төлешовтің жалшысы: Шымкентте Иса-киллер тұтқынға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Тоқтар Төлешовтің жалшысы: Шымкентте Иса-киллер тұтқынға алынды

Рассказать Вконтакте

Шымкент полициясы бұрын істі болған 47 жастағы Иса Көшіковті ұстады. Күдікті Түркістан облысындағы қылмыстық ортада Иса-киллер лақап атымен танымал деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Gagauzinfo.md

Көрнекі фото: Gagauzinfo.md

Көшіков 2000 жылы жасаған қылмыстық ісі бойынша жауапқа тартылған.

Құқық қорғау органдары күдіктіні "бірнеше адамды өлтірді" деп айыптауда.

2000 жылы желтоқсан айында Иса Көшіков екі танысымен бірге қаладағы кафелердің біріне келіп, Н. есімді азаматты атып кеткен.

Жәбірленуші қолынан жарақат алып, қылмыскерлерден қашып құтыла алмапты.

Оқиғаны тергеу барысында кісі өлтіру Тоқтар Төлешовтің тапсырысымен болғаны анықталды.

"Сыра королі" жұбайын балағаттағаны үшін Н. есімді азаматты өлтіруді бұйырыпты.

Тәртіп сақшылары 19 жыл бойы күдіктіні іздестірген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органы қылмысқа қатыстылардың бәрін анықтаған.

Бастапқыда сот Көшіковті 50 миллион теңге көлеміндегі кепіл арқылы тергеу кезеңін жүргізу бұлтартпау шарасын тағайындады.

Алайда, прокурордың наразылығы бойынша облыстық сот шешімін өзгертті. Қылмыскердің өткен өмірінің ерекшелігін ескеріп, Шымкенттің қалалық соты кепілді алып тастады.

Күдіктіні қамауды ұстау туралы шешім шығарды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel