RU
Қазақстанның жаңа үкіметі құрамына кімдер кіруі мүмкін?

Қазақстанның жаңа үкіметі құрамына кімдер кіруі мүмкін?

Рассказать Вконтакте

Саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің Telegram-арнасында Қазақстанның жаңа үкіметі құрамына кімдер кіруі мүмкін екені туралы жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: serconsrus.ru

Көрнекі фото: serconsrus.ru

"Кім кетеді? Бұған қарағанда кімнің қалатынын анықтау оңайырақ. Бір жылдан аз істеген министрлердің мүмкіндіктері жоғары. Нақтырақ айтсақ, Тұрғымбаев, Атамқұлов, Жұмағалиев, Смайыл, Қалетаев және Әбілқасымова.

Соңғы аталған адамның қатты сынға ұшырағаны анық.

Бірақ объективті түрде, оның алдында тұрған барлық проблемалық мәселелер, әлеуметтік салаға назар аударғандықтан, жағдайды өзгертуге барлық мүмкіндіктері бар.

Тіпті жақында сынақтан өткізілген стресс-тест қателіктер мен немқұрайлылықты еске сала отырып, ерекше ынталандыруға айналуы мүмкін", - деді ол.

Қалиевтың сөзіне қарағанда, сынға ұшыраған лауазымды тұлғалар тобы Тимур Сүлейменовтің жаңа құрамына кіре алмауы ықтимал.

Саясаттанушының айтуынша, Жеңіс Қасымбек өңірлердің бірін басқаруға жіберілуі мүмкін.

Сарапшы Қанат Бозымбаевты сынға ұшыраған министрдің бірі деп санайды. Сол себепті Бозымбаевқа жұмысын ауыстыру мүмкіндігі жоғары екендігін жеткізген.

"Премьер-министр лауазымына отыруға үкімет басшысының уақытша міндетін атқарушы Асқар Маминнің мүмкіндігі көп. Бұл үкіметтің соңғы бірнеше өзгеруі кезінде құрылған меритократияның логикасына сәйкес келеді. Бұдан бөлек, соңғы 24 сағаттағы көпшіліктің оның кандидатурасына деген реакциясы оң деп бағаланады", - деп ойын қорытындылады саясаттанушы.

Сіздің реакцияңыз
10
1
0
1
8
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel