RU
Түркістан облысында шенеунік әйелге шабуыл жасағандар сот залынан босап шықты

Түркістан облысында шенеунік әйелге шабуыл жасағандар сот залынан босап шықты

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Төлеби ауданы əкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға қастандық жасау ісіне қатысты сот үкімі шықты. Сотталушылардың барлығы да сот залынан босап шықты. Айыпталушылар жазаны тұрғылықты мекенжай бойынша өтейтін болады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ddddd

Сот отырысынан. Фото: nur.kz

"Сотталушы А. сот залынан босатылсын. Оған Қылмыстық кодекстің 379 бабы, 3-ші бөлігімен бостандығын шектеу туралы жаза тағайындалсын. Үкім бойынша сағат 22.00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынады.

Қалғандары Қылмыстық кодекстің 287 бабы, 2-ші бөлігімен сот залынан босатылды. Олардың бостандықтарын бір жарым жылға шектеуге үкім шықты.

Олар да жазаны тұрғылықты жерде өтейтін болды. Сараптама нəтижесінде Р.Бейсебаеваның жарақаты оқтан болмағаны анықталды", - деп мəлімдеді судья Жəнібек Сейітжаппаров.

Сондай-ақ, сотталушылардың өкінетіні мен тергеу барысына көмектескендері ескерілген.

Сотталушы А-ның адвокатының айтуынша, айыпталушы тарап жəбірленушімен татуласпақ болған. Алайда Рабиға Бейсебаева бітімгерлікке келуге құлық танытпаған көрінеді.

Судьяның мəлімдеуінше, жəбірленуші тарап айыпталушыларға кешірім берген.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Төлеби ауданы əкімінің орынбасарына қастандық жасалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel