RU

Өскеменде көлік жөндеуші ұста клиентінің темір тұлпарын сатып жіберген

Өскемендік ұста өзіне жөндеуге қалдырып кеткен көлікті сатып жіберген. Темір тұлпар иесінің танысы жарнаманы интернеттен көріп қалыпты деп жазады Алтайньюс.

ddddd
Көрнекі фото: kaz.altaynews.kz: Instagram

102-ге хабарласқан 41 жастағы әйел өз көлігін басқа біреудің сатқалы жатқанын айтып, шағым түсірген. Танысы оның көлігінің суретін интернеттен көріпті.

Полиция қызметкерлері күдіктіні шағым түскен күні ұстай алмаған. Өйткені ол басқа қалаға қашып үлгеріпті.

Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті азамат Тараз қаласында қолға түсті. Алайда ол көлікті сатып жібергені белгілі болды.

Өзіне тапсырылған темір тұлпарды саудалаған ер адам көлік иесіне 9 500 000 мың теңге шығын келтірген.

Күдікті қазір уақытша қамау изоляторында отыр. «Ұрлық» ісі бойынша үстінен тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780188-skemende-klik-zndeusi-sta-klientini-temir-tlparyn-satyp-zibergen.html