RU
Алматыда бүтін бір отбасы ыстан уланып, ажал құша жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бүтін бір отбасы ыстан уланып, ажал құша жаздады

Рассказать Вконтакте

Алматыда бір отбасының 7 адамы иісті газдан уланып, ауруханаға түсті. Оқиға Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі фото: publika.md

Көрнекі фото: publika.md

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖД өкілдері келгенде иісті газдың пештен шығып жатқанын анықтаған. Пештің есігін үлкендер жақсылап бекітуді ұмытқан. Мұның алдында бұл отбасыға ТЖД өкілдері келіп, жылыту маусымындағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, ауруханаға отбасының 7 мүшесі бірдей түскен. Оның 5-еуі - балалар.

КТК арнасының хабарлауынша иіс тиген балалардың арасы небәрі 1-2 жастан екен. Үлкені алтыда, одан кейінгісі төртте, үште, екіде. Ал ең кішісінің дүниеге келгеніне 11 күн енді болған.

Бір түнде отбасынан айырыла жаздаған Саттар Қаппар айтуынша, пеші бар бөлмеге әйелі, үш ұлы мен қызы, сондай-ақ Шымкенттен қыдырып келген келіні мен оның 4 жастағы баласы жатыпты.

Ал өзі мен інісі көрші бөлмеге жайғасқан. Аядай үйді паналаған жас отбасы кеше ғана перзентханадан тағы бір сәбиін әкеліпті.

"Сол таңғы сағат алтыларда кірсем барлығы тұншығып, ауыздарынан көпірік ағып жатыр екен. Сол қайта үлгеріп, бергі бөлмеге шығардық", - дейді Саттар Қаппаров.

Бүлдіршін жағымсыз иістен жылап оянған. Баланың ащы даусынан анасы да оянып кетіп, дереу көмек шақырған. Кейін белгілі болғандай, кіреберісте тұрған пештің есігі ашық қалған екен.     

"Балалар ойнап жүріп, есігін ашып тастаған. Біз азанда байқадық оны. Он күн бұрын кішкентай нәресте өмірге келіп еді. Соны әкеліп өзіміз, шаршап жатып қалдық. Қазір әртүрлі көмір бар ғой. Біреулер жанады, біреулер жанбайды. Қаптап аламыз көмірді. Содан болды деп ойлап отырмыз", - дейді Саттар Қаппаров.

Отағасының пештің бықсуын көмірден көруі бекер емес. Айтуынша, күні кеше ғана мұржаны тазалаған. Періштесі қағып, аман қалған балақайлардың беті әрең дегенде бері қараған..     

Дәрігердің сөзінше, олардың қазір жағдайлары жақсы. Сөйлеп, тамақтарын ішіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel