RU
Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында жауын шашын болады деп күтілуде
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында жауын шашын болады деп күтілуде

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 23 ақпан күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар аймақта жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында жауын шашын болады деп күтілуде

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында тұман түсуі мүмкін, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы сеукндына 18-23 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Павлодар, Жамбыл облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді деген болжам бар.

Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының біршама аумағында тұман түседі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке жетеді, жаяу бұрқасын болады

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel