RU
Астанада 20 қоқыс жәшігін ұрлап кеткен азамат ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 20 қоқыс жәшігін ұрлап кеткен азамат ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Астана полицейлері 20 бірдей қоқыс салатын контейнерді ұрлап кеткен жігітті ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: alon-ra.ru

Көрнекі фото: alon-ra.ru

"21 ақпанда ПИК өкілінен қоқыс салатын 20-дан астам темір жәшікті белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру барысында 30 жастағы қала тұрғыны ұсталып, ол жәшіктерді темір сынығын қабылдайтын орынға тапсырып жібергені анықталды.
Темір қабылдайтын орынның иесі еш рұқсат қағазсыз өз ісін жүзеге асырып келген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 196-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент хабарлауынша, қазіргі уақытта ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, кәріз құдығының шойын қақпағын, құрылыс материалдарын және басқа да қара және түсті металдарды қабылдауды жүзеге асыратын пункттерді анықтау жұмыстары жүрігізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel