RU
БАҚ: Тимур Бекмамбетов Татарстан президенті көмекшісімен көңіл қосып жүр (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

БАҚ: Тимур Бекмамбетов Татарстан президенті көмекшісімен көңіл қосып жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Белгілі қазақстандық және ресейлік кинорежиссер Тимур Бекмамбетов өзінен 29 жас кіші Татарстан президенті көмекшісі Наталия Фишманмен көңіл қосып жүр деп хабарлайды SPLETNIK сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Spletnik

Фото: Spletnik

Жақында Тимур Бекмамбетов өз Instagram парақшасында Наталья Фишманды құшақтап түскен суретін жариялады. Фотода екеуі де ақ жейде мен джинсы шалбар киген. Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары бірден режиссер мен оның серігіне бақыт тілеген.

"Бақытты болыңыздар", "Керемет жұп", "Жарасып тұрсыздар", -деп жазған олар.

Басылымның хабарлауынша, 57 жастағы кинорежиссер мен 28 жастағы шенеуніктің ара-қатынасы туралы әңгіме жақында ғана тараған. Оған Тимурдың Фишманмен бейресми түрде жиі кездесуі себеп болыпты.

Татарстанға келген режиссер көп уақытын сүйіктісімен өткізіпті. Оларды ақпан айының басында "Угол" шығармашылық лабороториясынан көрсе, 2018 жылдың тамыз айында жұп Якутскке барған.

Кей мәліметтерге қарағанда, режиссер мен президент көмекшісі Мәскеу қаласында танысқан.

Олардың арасындағы достық өткен жылдың көктем мезігілінде махаббатқа ұласыпты.

Бекмамбетов пен Фишман ресми түрде жауап беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз
9
5
0
1
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel