RU

Биылғы жылдың соңына дейін 200-ден аса шымкенттік Солтүстік Қазақстанға көшеді

Павлодарлық делегация бүгін Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық әкімдігінде жергілікті тұрғындармен кездесіп, 100-ден аса отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге дайын екендерін жеткізді. Олар оңтүстік жұртшылығына 40 бос жұмыс орнын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Қоныс аударатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы мен баспананы жалға алу ақысымен қоса коммуналдық төлемдер де төленеді. Солтүстікте маман тапшылығын тартқан павлодарлықтар қоныс аудару шарттары түгел қамтылған мемлекеттік бағдарламаны егжей тегжейлі түсіндірді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Бұл көмектер "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында жүзеге асады.

"Былтыр Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары өтініш білдірген 81 отбасын Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударуға ықпал еткен. Жұмысқа қабілетті 300 ге жуық адам екі қолға бір күрек тапты дейді жауаптылар. Олар бүгінде мұғалім, дәрігер, агроном сияқты түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасып, тіпті жеке кәсіптерін де дөңгелетіп отыр"-деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. 
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Биыл жылдың аяғына дейін 200 ден аса мүшесі бар шымкенттік 54 отбасы солтүстікке  қоныс аудармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780226-biylgy-zyldy-soyna-dejin-200-den-asa-symkenttik-soltstik-kazakstanga-ksedi.html