RU

Атырау облысында кафе иесін ұрған полицейге сот үкімі шықты

Атырау облысында кафе иесін ұрған полицейге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: censor.net.ua
Көрнекі фото: censor.net.ua: Facebook

2018 жылдың маусым айында Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкері, майор Әміржан Ертаев өзі отырған кафенің иесін балағаттап, оны ұрып тастаған. Осы уақытта кафеде болған Полиция бөлімшесінің бастығы орынбасары Жасұлан Мұқашев та өз қарамағындағы қызметкерге ескерту айтпапты.

Құрманғазы аудандық сотында Ертаевқа үкім шығарылды. Облыстық сот баспасөз қызметінде хабарлағандай, сотталушы бір жылға бас бостандығынан шектеліп, полиция майоры шенінен айырылды.

Одан бөлек, полицей жәбірленуші тарапқа 232 мың теңге көлемінде материалды шығын төлеуге міндеттелді.

Ал Полиция бөлімшесі бастығының орынлбасары Мұқашев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780231-atyrau-oblysynda-kafe-iesin-rgan-policejge-sot-kimi-sykty.html